Accessibility links

Медведев Обаманы "уәделерін орындайтын жетекші" деп атады


Ресей президенті Дмитрий Медведев америкалық әріптесі Барак Обаманы "уәделерін орындайтын жетекші" деп сипаттады. Жұма күні Ресей мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында Медведев Обаманы АҚШ сенатында Мәскеу мен Вашингтон арасындағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісімнің бекітілуіне байланысты мадақтады.

Оның алдында Медведев пен Обама телефон арқылы аталмыш келісімді талқылаған болатын. Ақ үйдің хабарлауынша, ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісім "қырғиқабақ соғыс" кезінде жау болған екі елдің қарым-қатынастарын нығайтады.

Медведев Ресей парламентінің екі палатасы да Стратегиялық қаруларды қысқарту жөніндегі келісімді ратификациялайды деп үміттенетінін айтты. Мемлекеттік Думада бүгін сол келісімге қатысты дауыс беріледі. Бұл келісімге Медведев пен Обама сәуір айында Прагада қол қойған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG