Accessibility links

Тимошенкоға жаңа айыптар тағылып отыр


Прокурорлар Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға жаңа айыптар тағып отыр. "Интерфакс-Украина" агенттігінің хабарлауынша, Тимошенкоға "120 мың доллар ақшаны жымқырды" деген қосымша айып тағылған. Бұдан бұрын Тимошенко "қызметін асыра пайдаланды" деп айыпталып отырған болатын.

Егер Тимошенко айыпты теп танылса, 10 жылға қамалуы мүмкін. Бұрынғы премьер-министрдің елден шығуына тыйым салынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG