Accessibility links

АҚШ Ресеймен ядролық қару туралы келіссөз бастауы мүмкін


New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ үкіметі Ресеймен ядролық қарулар жөніндегі келіссөздерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Бұл кішірек ядролық қаруларды шектеу үшін жасалмақшы делінеді.

Тактикалық қаруларға 480-645 шақырымдық жерге жететін қарулар жатады. АҚШ-тың 500 тактикалық қаруы бар деп жазады New York Times басылымы. Оның мәліметінше, Ресейде мұндай қарулардың саны 2 мыңнан асады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG