Accessibility links

Эквадор Палестинаны тәуелсіз ел деп мойындады


Эквадор Палестинаны ресми түрде тәуелсіз ел деп мойындады. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, президент Рафаэл Корреа "Эквадор үкіметі Палестинаны 1967 жылғы шекараларымен азат және тәуелсіз мемлекет деп мойындайды" деген құжатқа қол қойған. Эквадор билігі 1967 жылғы Араб-Израиль соғысы алдындағы
Палестина жерінің шекаралық сызығын айтып отыр.

Осы айдың басында Бразилия, Аргентина және Уругуай да Палестинаны тәуелсіз ел деп мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG