Accessibility links

Медведев Лукашенконы құттықтады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Беларусь басшысы Александр Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Ресей агенттіктерінің хабарлауынша, Медведев құттықтау хатын Лукашенкоға жолдаған.

Жұма күні Беларусь сайлау комиссиясы желтоқсанның 19-дағы сайлаудың ресми қорытындысын жариялап, шамамен 80 пайыз дауыс жинаған Лукашенко жеңіске жетті деп атап көрсетті.

Осы аптаның басында Медведев Беларустегі сайлауларды "ішкі мәселе" деп атады. Ал Батыс елдерінің бақылаушылары сайлауды сынап, Минскіде оппозициялық белсенділердің тұтқындалуын айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG