Accessibility links

Amnesty International Иранды күрд белсендісін өлтірмеуге шақырды


Amnesty International ұйымы Теһранды ирандық күрдтердің белсендісі Хабиболаһ Латифиге шығарылған өлім жазасын жүзеге асырмауға шақырып отыр.

Латифи 2008 жылы тыйым салынған бүлікшілер тобымен ынтымақтасқаны үшін "Құдайға қарсы соғыс ашты" деп айыпталып, өлім жазасына кесілген болатын. Латифи "Азат Күрдістан" партиясының қолдаушысы болғанын мойындады бірақ ешқашан зорлық-зомбылық жасамағанын айтты.

Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, Латифиге қатысты сот әділ болмаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG