Accessibility links

Обама Пәкістандағы шабуылды айыптады


АҚШ президенті Барак Обама Пәкістанда кемінде 43 адамның өмірін қиған жанкештілік шабуылды айыптап, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жұмысының алдында "бейкүнә адамдардың өлтірілуі Пәкістан халқы мен барлық адамзатқа жасалған қорлық" деп атап көрсетті.

Сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы Бажаур ауданының Хар қалашығында азық-түлікке жиналған халық алдында бұрқа киіп алған бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберген болатын. Бұл шабуылдан кемінде 43 адам қаза тауып, 62 адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG