Accessibility links

Сеул әскери-теңіз жаттығуларын бастамақ


Оңтүстік Корея дүйсенбі күні әскери-теңіз жаттығуларын бастайды. Бірақ бұл жаттығулар Солтүстік Кореямен арадағы даулы шекаралық аймақта өтпейді. Әскери штабтар басшыларының бірлескен комитетінің хабарлауынша, жаттығулар желтоқсанның 27-нен 31-не дейін жалғасады.

Таяуда Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, 4 адамды өлтірген болатын. Желтоқсанның 20-да Сеул осы аралда әскери жаттығулар өткізді.
XS
SM
MD
LG