Accessibility links

Иран танкерлерге енгізілген тыйымды алып тастамақ


Иран Ауғанстанға отын тасымалдайтын көліктерге енгізілген тыйымды алып тастауға келісті деп хабарланып отыр. Иран ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ауғанстан вице-президенті Мохаммад Касим Фахим Теһранда баспасөз мәслихатын өткізіп, Иран шекарасында тоқтап қалған жүздеген көліктің Ауғанстанға өтуіне мүмкіндік беретін келісім жасалды деген.

Осыдан үш апта бұрын Иран отын тасымалдайтын шамамен 1600 көліктің шекарадан өтуіне тыйым салды. Теһран бұл көліктер Талибанмен күресіп жатқан АҚШ жетекшілігіндегі НАТО күштерін отынмен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда деген болатын. Кабулдың айтуынша, танкерлер қарапайым ауған азаматтарына отын тасымалдауда.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG