Accessibility links

Ауғанстанда түркиялық инженерлер ұрланды


Ауғанстанның шығысындағы Пактика өлкесінде түркиялық төрт инженер ұрланды деп хабарлайды провинция әкімінің орынбасары. Абдул Рахман Мангалдың айтуынша, әлгі инженерлер Данд Уа Патан ауданынан Гардез қаласына бара жатқан жолда ұрланған. Олар құрылыс компаниясында жұмыс істеген екен.

2001 жылы АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері Талибан билігін құлатқалы бері Ауғанстандағы қылмыстық топтар мен бүлікшілер шетелдік ондаған азаматты ұрлады.
XS
SM
MD
LG