Accessibility links

Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыраны ғарышқа ұшты


Дүйсенбіге қараған түні Еуропалық КА-SАТ байланыс спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылды.

Бұл спутник ғарышқа желтоқсанның 20-сында ұшырылады деп жоспарланған болатын. Бірақ желтоқсанның 5-і күні ресейлік ГЛОНАСС навигациялық жүйесінің үш спутнигін «Протон-М» зымыранымен ғарышқа ұшыру әрекеті сәтсіздікке ұшырап, Тынық мұхитқа құлаған соң, апаттың себебін анықтағанша Еуропалық байланыс спутнигін ұшыру мерзімі кейінге қалған еді.

Апатты зерттеген мамандар ол жолғы зымыран ақауына сұйық оттегінің дұрыс құйылмауы себеп болған деген қорытынды жасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG