Accessibility links

Ходорковскийдің әйелі мен қызы сот залынан қуылды


Дүйсенбі күні ЮКОС компаниясының бұрынғы екі иесі Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің екінші қылмыстық істері бойынша үкімін оқу басталған Мәскеудің Хамовнический соты залынан баспасөз құралдарының барлық өкілі, сондай-ақ Ходорковскийдің зайыбы мен қызы сыртқа қуылды.

Азаттықтың жергілікті тілшісі хабарлағандай, сот жасауылы бұл әрекетінің ешбір себебін түсіндірмеген.

Сот Ходорковский мен Лебедевті «мұнай ұрлады» деп тапты. Сот үкімін оқу бірнеше күн жалғасуы мүмкін.

Осы күні Ходорковский мен Лебедевтің адвокаттары соттың айыптайтын үкіміне шағымданатындарын мәлімдеді.

«Салық төлеуден жалтарды» деген айыппен 2003 жылдан бері түрмеде жазаларын өтеп жатқан Ходорковский мен Лебедевке енді «орасан зор көлемде мұнай ұрлады» деген айып тағылып отыр. Прокуратура әрқайсысын 14 жылдық мерзімдерге кесуді талап етеді.

Соттың үкім оқуы бірнеше күн жалғасуы мүмкін..
Лебедевті қорғау үшін өткізілген бейберекет митингке қатысушы 11 адамды ұстады.

Таңертең соттың маңайына 1 мыңнан астам адам жиналды. Олар плакаттар көтеріп, сотталушыларды қолдайтын үндеулерін айтып тұрды.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG