Accessibility links

Пәкістанда 18 содырдың көзі жойылды


Пәкістанның солтүстік-батысында, жорамал бойынша, АҚШ-тың өзі ұшатын ұшағының әуе соққысынан кемінде 18 экстремистің көзі жойылды. Ол туралы жергілікті билік хабарлады.

Әуе соққысы экстремистердің автокөліктері мен Мир-Әли ауданына жақын орналасқан лагерін нысанаға алыпты.

Мир-Әли – «Әл-Қаида» ұйымының жасақтары мен тәліптер белсенді әрекет ететін Солтүстік Вазиристан аумағындағы Мираншах мекенінің маңайындағы аудан.

Көзі жойылғандардың аты-жөндері беймәлім. Жергілікті биліктің дерегін дәлел еткен Би-Би-Си қаза тапқан экстремистердің көпшілігі пәкістандықтар екенін айтады.
XS
SM
MD
LG