Accessibility links

Молдовада жаңа үкімет жасақталуға тиіс


Молдовада жаңа парламенттің сайлауына байланысты Влад Филат бастаған үкімет тарайтын болды.

Министрлер жаңа үкімет жасақталғанша міндеттерін атқара береді.

Молдова конституциясына сәйкес, премьер-министрге үміткерді парламент сайлаған президент ұсынады.

Қазір Молдова парламентіндегі 4 партияның ешбірінде президентті сайлайтын басым дауысы жоқ. Парламенттік коалиция құру үшін келіссөз өтіп жатыр.

Кезектен тыс сайлаудың нәтижесінде парламентке Коммунистік, Либерал-демократиялық, Демократиялық және Либералдық партиялардың депутаттары өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG