Accessibility links

Ауғанстан: сайлау барысындағы заңсыздықтар тергеледі


Ауғанстан президенті Хамид Карзай өткен жылдың қыркүйек айындағы парламент сайлауы барысында болған заңсыз бұрмалаушылықтарды тергейтін арнайы сот құруды мақұлдады.

Жоғарғы соттың өкілі хабарлағандай, бес сарапшыдан тұратын жаңа сот мекемесі жұмысын осы аптада бастайды.

Ауғанстанның жаңа сайланған парламенті, сайланбай қалған кейбір үміткердің сайлау нәтижесіне наразы болуына қарамастан, бірінші отырысына 20 қаңтарда жиналуы тиіс.
XS
SM
MD
LG