Accessibility links

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды


Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік жолдары жабылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 27 желтоқсанда сағат 14.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін «Талдықорған - Қапал» автожолы жабылған. Ал үлкен жүк көліктері үшін «Сарқанд-Үшарал» жолы жабылды.

Сонымен қатар,«Үшарал-Достық» және «Үшарал-Өскемен» жолдары да барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында боранның кесірінен 27 желтоқсанан бері «Өскемен-Зырян-Рахманов бұлағы», «Омбы-Майқапшағай», сонымен қатар «Өскемен-Тарғын-Самар» тас жолдарында көліктің барлық түрлерінің жүруіне шектеу қойылды.
XS
SM
MD
LG