Accessibility links

Нетаньяху: Израиль Түркиядан кешірім сұрамайды


Израиль "Бостандық флотилиясын" басып алған кезде қаза болған азаматтар үшін Анкарадан кешірім сұрамайды. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху израилдік Channel 10 телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Біз кешірім сұрамаймыз, бірақ қаза болғандарға қатысты көңіл айтамыз", - деді Нетаньяху.

Оның ойынша, Түркия Израильдің бұл әрекетін арам ой емес, мәжбүрлі түрде болған өзін өзі қорғау әрекеті екендігін мойындауы қажет.

Бұдан бұрын Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман да дәл осындай мәлімдеме жасаған еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG