Accessibility links

Алматыда референдумға қарсылық білдірушілер мәлімдеме жасады


Бүгін Алматыда оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин, диссидент Кәрішал Асанов және «Азат» азаматтық қозғалысының төрағасы Хасен Қожа-Ахмет референдум мәселесіне қатысты өз көзқарастарын айтты.

Жасарал Қуанышәлиннің пікірінше, президенттің өкілетін ұзартуға қатысты референдум өткізу «идеясы» билік өкілдерінде Белоруссиядағы жағдайдан кейін туындауы мүмкін деді.

- Өздеріңіз білесіздер, Белоруссияда ондаған мың адам көшеге шығып, президенттің саясатына ашық наразылықтарын білдірді. Әділетсіз өткен сайлауға дауыс көтеріп, бой көрсетті. Соның нәтижесінде әлемге Лукашенконың диктаторлық жасап жатқаны турасында ақпараттар тарап жатыр. Лукашенконың қиын жағдайын, халқының өзіне қарсы шығып жатқанын көріп отыр біздің билік. Сондықтан содан шошып, қорқып, осындай тірлікке барып жатыр, - деді Жасарал Қуанышәлин.
XS
SM
MD
LG