Accessibility links

Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі айыптарды жоққа шығарды


Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Люценко өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Прокурорлар Люценкоға "қызметін асыра пайдаланды, мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыптар тағып отыр.

Жексенбі күні тұтқындалған Люценко бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенкомен бірге 2004 жылғы Қызғылт-сары төңкерісі жетекшілерінің бірі болған. 2004 жылғы наразылық шаралары сол кездегі премьер-министр, қазіргі президент Виктор Януковичті даулы президент сайлауындағы жеңісінен айырған болатын.
XS
SM
MD
LG