Accessibility links

Иран қамауындағы неміс журналистері туыстарымен кездесті


Германия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Иран билігі қамаудағы екі неміс журналисіне отбасы мүшелерімен кездесуге рұқсат берген. Түрмедегі журналистер туыстарымен дүйсенбі күні Табриз қаласында жүздесті деп хабарланды.

Зинақорлық жасап, өлім жазасына кесілген әйел туралы хабар таратпақ болған неміс журналистері қазан айында қамауға алынған.

Германия сыртқы істер министрлігі қамаудағы неміс азаматтарын босатуға шақырды. Халықаралық ұйымдар Сакинех Мохаммади Аштианиге шығарылған өлім жазасын айыптаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG