Accessibility links

Испания мен Ресей бір-бірінің дипломаттарын елден қуды


Испания мен Ресей бір-бірінің дипломаттарын елден шығарды. Испания сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ресейдің екі дипломаты "өз мәртебелеріне сәйкес келмейтін әрекеттермен айналысқан себепті" осыдан бір ай бұрын елден шығарылған. Әдетте мұндай себеп тыңшылық әрекеттеріне қатысты айтылады. "Осыған жауап ретінде Ресей де Испанияның екі дипломатын қуған" дейді испан министрлігі.

Испания сыртқы істер министрі алдағы айда Ресейге баруды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG