Accessibility links

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады


Бүгін, 29 желтоқсан күні республиканың солтүстік-батыс бөлігі циклон мен атмосфералық ағымдардың ықпалында болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел соғып, бұрқасындатады.

Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарының кей тұстарында жел соғып, бұрқасын тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман түседі, ал Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында қатты жел соғады.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында тұман түседі деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG