Accessibility links

Қазақстан парламенті Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр


Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020-шы жылға дейін ұзартуға қатысты Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін парламенттің төменгі палатасы - мәжілістің төрағасы Орал Мұхаметжанов хабарлады.

Оның сөзінше, президент өкілеттігін ұзартуға қатысты ұсыныс парламенттің қос палатасының депутаттарынан түскен көрінеді. Сондықтан, "елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ролін ескере отырып, Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасап отырмыз ", - деді Мұхаметжанов.
XS
SM
MD
LG