Accessibility links

Алматыда АҚШ әскери ұшағы апатты жағдайда қонды


Бүгін таңертең Алматы әуежайына "Геркулес" АҚШ әскери ұшағы апатты жағдайда қонды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бортында 300 әскери қызметкері бар ұшақтың үш двигателінің бірі істен шыққан.

"Новости-Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Бішкектен Лейпцигке бет алған.

Сондай-ақ агенттік ұшақ бортында 117 жолаушы және 14 экипаж мүшесі бар екендігін хабарлап отыр. Олардың ішінде әскери қызметкерлермен бірге олардың туған-туыстары да бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG