Accessibility links

Алматы соты адвокат Уткиннің шағымын қанағаттандырды


Бүгін таңертең Алматы әкімшілік соты белгілі адвокат Сергей Уткиннің шағымын қанағаттандырды. Адвокаттың салық департаментінің өзіне жіберген ескерту хатын негізсіз деп тануды талап еткен болатын.

Сергей Уткиннің Азаттыққа хабарлауынша, салық органының сот шешімін қайта қарау туралы 15 күннің ішінде шағымдануға құқығы бар. Олай болмаған жағдайда шешім заңды күшіне енеді.

Еске салсақ, салық органы, адвокат Уткин соңғы бес жылда құқықтық кеңес беріп, тапқан қаржыдан шамамен 5 миллион теңгеге жуық баж салығын төлемегендігін айтқан еді.

Алайда, Уткин өзінің «кеңес емес, заңгерлік қызмет көрсеткендігін, ал ол үшін тапқан табыстың салығы толығымен төленгендігін» айтады.

Сәрсенбі күнгі сот отырысында судья, салық департаментінің айтқан уәжі тек болжам болып табылатындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG