Accessibility links

Сеул Пхеньянмен келіссөзді жандандыруға шақырды


Оңтүстік Корея президенті Ли Мюнг-бак Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтату үшін халықаралық келіссөздерді жандандыруға шақырды. Оның айтуынша, ядролық қарусыздану жөніндегі алты ел арасындағы келіссөздерді 2011 жылы қайта бастау керек.

Қазір тоқтап қалған бұл келіссөздерге қос Корея, Жапония, Қытай, Ресей және АҚШ қатысатын. Пхеньян осыдан екі жыл бұрын бұл келіссөздерді жалғастырудан бас тартты. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға бағытталған келіссөздерде Пхеньянға экономикалық көмек пен Солтүстік Кореяның дипломатиялық түрде мойындалуы ұсынылған болатын.

Биыл Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы текетірес одан сайын ушыға түсті. Бұған Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея аралын атқылауы мен наурыз айында суға батқан әскери кемеге қатысты оқиға себеп болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG