Accessibility links

Лаос билігі жеті ұйғыр азаматын елден шығарды


Лаос билігі жеті ұйғыр азаматын Қытайға депортациялады. Олар өткен жылы Қытайда этникааралық қақтығыстар кезінде қашып кеткендер. Бұл туралы Radio Free Asia хабарлап отыр.

Күштеп қайтарылған олар енді Қытайда сотқа тартылуы мүмкін екендігі айтылып отыр.

Депортацияланғандардың бірінің хабарлауынша, Лаос билігі оның отбасы мүшелерін осы жылдың наурыз айында қамауға алған.

2009 жылы жазда Шыңжаң-Ұйғыр ауданында этникааралық қықтығыс болды. Қытайда этникалық ұйғырлар мен қытайлар арасындағы қақтығыста 100-ден аса адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG