Accessibility links

Алматыда Шаңырақ тұрғындары наразылық шарасын өткізді


Бүгін Алматыда Алатау ауданының бір топ тұрғыны жерлерін заңдастыруды талап етіп, қала әкімдігіне жазған арыздарын тапсырды. Президент, премьер-министр, бас прокурор және Алматы әкіміне жазған арыздарында баспаналы болуға көмектесулерін сұраған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар наразылық шарасы ретінде әкімдік алдында "шырша" орнатып, оның ойыншықтары ретінде ресми органдардың тұрғындар өтініштеріне берген сырғытпа жауаптарын іліп қойған.

Қазіргі сәтте жиналғандар атынан бес адамды әкімдікке кіргізді. Олармен жер қатынастары басқармасының басшылығы жолықпақ болып еді, алайда жиналғандар қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуді талап етіп отыр.

Журналистерді әкімшілік ғимаратына кіргізбеді.
XS
SM
MD
LG