Accessibility links

Джон Ордвей АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі міндетін уақытша атқармақ


Джон Ордвей АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі міндетін уақытша атқаратын болды. АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшінің кандидатурасын мақұлдағанға дейін Ордвей елші міндетін атқарады.

АҚШ елшісі Ричард Хоугландтың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды. Осыған байланысты елшіні бүгін Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Хоугландтан бұрын АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын Джон Ордвей басқарған еді.
XS
SM
MD
LG