Accessibility links

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды


Қазақстан үкіметі бір топ журналистерге, спортшыларға, мәдениет пен ғылым саласында жүрген жастарға "Дарын" сыйлығын табыс етті. Осыған сәйкес қаулы бейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.

"Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн беріледі.

Сыйлық: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет аталымдары бойынша екі жылда бір рет тағайындалады.
XS
SM
MD
LG