Accessibility links

Қарағанды облысында жүк вагоны жолдан шығып кетті


Қарағанды облысы Қарабас-Қарағанөзек станциясында құрылыс заттары тиелген жүк вагоны жолдан шығып кетті. Соның кесірінен бірнеше жолаушылар пойызы кестелерінен кешікті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, оқиға 29 желтоқсан күні түнде болған. «Достық-Астана» бағытымен кетіп бара жатқан жүк поезына 28 вагон тіркелген екен.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алайда «Астана-Алматы» бағытындағы №2 пойыз үш сағатқа, №10 пойыз - екі сағатқа және №36 пойыз 17 минутқа кешікті.

Қазір жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG