Accessibility links

АҚШ әскери түрменің билігін Ираққа берді


Ирақтағы американ әскери түрмесі жергілікті биліктің қолына өтті.

Сәрсенбі күні Басра провинциясының басшысы Шелтаг Абад түрме орналасқан жер сауда-саттық орны болатындығын мәлімдеді.

АҚШ Ирақ территориясындағы әскери операциясын 31 тамызда ресми түрде тоқтатқан болатын. Бірақ елде әлі 50 мың америка жауынгері бар. Олар жергілікті сарбаздарды жаттықтырып жатыр.

Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, 2011 жылы Америка әскери Ирақтан толығымен шығуы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG