Accessibility links

Беларусь: президентікке үміткер болғандар сотқа тартылды


Беларусьте президентікке үміткер болған жеті азамат жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Олардың бесеуінің қамауда отыру мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

Владимир Некляев, Николай Статкевич, Виталий Рымашевский, Андрей Санников пен Алексей Михалевич қазір тергеу изоляторында отыр. Ал Григорий Костусев пен Дмитрий Усс қамауға алынбағанымен, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған.

Жалпы, желтоқсанның 19-ы - президент сайлауы күні Минскіде тәртіпсіздік ұйымдастыру фактісі бойынша барлығы 26 адам жауапқа тартылды. Бұрынғы үміткерлерден өзге бұл тізімде сайлау штабтарының жетекшілері мен белсенділері, оппозициялық партиялар жетекшілері және журналистер бар. Олардың барлығына 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG