Accessibility links


Қазақ елі жаппау науқаншылыққа бет бұрғандай. Жабылғанына 11 жылдың көлемі болған саммитті шала-шарпы өткізіп, бола салысымен билік «атқа қонды». Елдің Конституциялық заңына пысқырмайды. Парламент, Сенат депутаттары «өзінікі».

Осының бәрін өзі бастап, алайда «түйе көрдің бе, жоқ» дегендей, ел президенті тым-тырыс. Еш жерде көрінбейді. Тап бір иттерге сүйек лақтырып, өзі сыртынан бақылап отырғандай.

Референдум - бұл қазақтың санасының өшуі алдындағы тірлік. Елдегі ұйымдасқан қылмысқа қайтара жол ашар тауқымет. Референдум - елді сыйламау, оған тас ату.

Қазақ еліндегі негізгі «құрылыс» дүкен-дүңгіршіктер, мейрамхана, қонақ үйлер. Болды. Басқа бірде-бір кәсіпорын жоққа тән. Бұлардан басқа бюджеттік орындарда жұмыс істейтіндер. Міне енді билік келіп сол бюджет қызметкерлерінің ауыздарын буып, қолдарын кейін қайыруда. Онсыз да шала-шарпы болып отырған тілге толықтай тұсау салуда. Сөйлетпейді. Небір жаугершілік замандарда аттың үстінде тік тұрып, жауына берілмей қасқая өлетін тұқымды құлдыққа алып келген заман болды. Түлкі бұлаңдыққа алып келді. «Табанжалағыштық» санамызды сансыратты. Келешек ел болуың екіталай, алдан зар-заманның үні шығып жатқандай.

Жиырма жыл оған аздық етіпті. Тағы бір «жиырманың» басы бұл.
Ел зиялылары тағы үнсіз. Оппозиция мұрын астынан «міңгірлейді». Әр жерден шығып жатқан қоғамдық ұйымдардың дауысы «жұтылып» кетіп жатыр. Жұтып қоюда.

Ауыл халқы жұмыссыз болғандықтан, қайтсек те мына қыстан аштан өлмеудің амалымен жұмыс іздеп, үйлерінен без теріп кеткендей. Әрқайсысы әр қалада нәпаха табу жолында. Олардың референдуммен еш жұмысы жоқ. Оған қайрылып қарар мұршалары да жоққа тән. Ал қалаңдағы жұмысы барлар, яғни «бюджеттіктердің» тірлігі әнекей...

Сонда кім кімді алдап отыр? Президент елді алдап отыр ма, әлде керісінше ме?

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG