Accessibility links

Сеул «Пхеньян әскери қуатын арттырып жатыр» деп мәлімдеді


«Пхеньян Оңтүстік Корея шекарасындағы әскері мен қару-жарағын көбейтіп жатыр» деп мәлімдейді Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің екі жылда бір рет шығатын арнайы есебі.

Бұл құжатта 2008 жылдан бері Солтүстік Кореяның арнайы жасақтарындағы сарбаздар 180 мыңнан 200 мыңға дейін артқаны айтылады.

«Қарулы қақтығыс бола қалса, Пхеньян Оңтүстік Корея армиясының жетілген бөлімдеріне қарсы ядролық қаруын да қолдануы мүмкін» деп болжап отыр Сеул.
XS
SM
MD
LG