Accessibility links

Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің әрқайсысы 13,5 жылға сотталды


Мәскеудің Хамовническ соты Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің әрқайсысына 13,5 жылдан жаза кесті. «ЮКОС»-тың бұрынғы иелерін мұнай ұрлады және көлденең табыстарын заңдастырды деген айып бойынша кінәлі деп тапты.

Сотталушылардың салық төлемеуге байланысты бірінші істен, яғни 2003 жылдан бері тұтқынға алынған мерзімдері ескерілетін болды. Сондықтан олар жалпы режимдегі колонияда тағы жеті жыл отырады.

Ходорковский мен Лебедевтің қорғаушылары сот үкіміне байланысты шағымданатындарын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG