Accessibility links

АҚШ Киевтің Ресейге уран жіберуіне көмектескен


Хабарларға қарағанда, АҚШ Украинаның Ресейге уран жіберуіне көмектескен.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, Украинадан 50 килограмға жуық жоғары байытылған уран Ресейге жеткізілген. Бұдан екі ядролық бомба жасауға болады делінеді. Бейсенбі күні аяқталған бұл құпия операция жөнінде аталмыш агенттікке АҚШ Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігі хабарлаған.

Сәуір айында президент Барак Обама ұйымдастырған ядролық қауіпсіздік саммитінде Украина президенті Виктор Янукович елдегі байытылған ураннан бас тартуға уәде еткен болатын. Оның орнына АҚШ Украинаны төмен байытылған уранмен қамтамасыз етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG