Accessibility links

Обама: АҚШ күштері "Әл-Қаидаға" қысым көрсетіп жатыр


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, экстремистік "Әл-Қаида" тобының басшылары АҚШ жетекшілігіндегі күштердің үлкен қысымына ұшырап отыр. "Олар Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында жасырынып жүр", - деді Обама. Бұл туралы ол Ауғанстандағы АҚШ базасына жасалған шабуылдың бір жылдығына қатысты мәлімдемесінде айтты.

Оның мәлімдеуінше, өткен жылғы шабуылдан қаза болған Орталық барлау агенттігінің 7 қызметкері нағыз мәрттік көрсеткен. Олардың арқасында АҚШ қауіпсіздігі жақсарды дегенді айтты Обама.

Орталық барлау агенттігінің қызметкерлері өткен жылы Ауғанстандағы Хост өлкесінде болған жанкештілік жарылыстан қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG