Accessibility links

Еуропа парламенті Беларусьтегі оппозиция басшыларын босатуға шақырды


Еуропа парламентінің президенті Ежи Бузек Беларусьте оппозицияны қудалау тоқтап, президенттікке үміткер болған адамдарды тез арада қамаудан босатуға шақырды.

Беларусь билігі бес кандидатқа қараша айындағы президент сайлауынан кейін Минскіде болған "толқуларға қатысы бар" деген айып тақты. Егер олар айыпты деп табылса, 15 жылға дейін қамалуы мүмкін.

Батыс елдерінің бақылаушылары мен үкіметтері Беларусьтегі сайлауды сынап, наразылық танытушылардың қудалануын айыптап отыр.

Сайлауда президент Александр Лукашенко төртінші мерзімге қайта сайланды.
XS
SM
MD
LG