Accessibility links

Эстония еуроаумаққа кіреді


Еуропа Одағының мүшесі Эстония өзінің ұлттық валютасымен қоштасып, еуроаумаққа кіргелі жатыр. Қаңтардың 1-інен бастап Балтық бойындағы бұл ел бірыңғай валюта - еуроны қолданатын он жетінші мемлекетке айналады.

Эстония үкіметінің айтуынша, еуроға көшу қадамы инвесторларға оң әсер етіп, олардың кәсіпкерлікпен айналысуын жеңілдетеді. Алайда Греция мен Ирландиядағы дағдарыстан кейін көптеген елдің еуродан көңілі қалып отыр. Эстония халқының жартысы ғана бұл өзгерісті қолдады.
XS
SM
MD
LG