Accessibility links

Мысыр президенті «террористер елдің шырқын бұза алмайды» деді


Мысыр президенті Хосни Мүбарак «террористер елді тұрақтылығын бұза алмайды, елді христиандар мен мұсылмандарға бөле алмайды» деді.

Мысыр жетекшісінің бұл мәлімдемесі Жаңа жыл қарсаңында Александриядағы копт христиандарының шіркеуінде 21адамның өмірін қиған террорлық шабуылдан кейінгі теледидар арқылы жолдауында айтылып отыр.

АҚШ президенті Барак Обама бұл шабуылдарды «жабайы әрі пасықтық әрекет» деп атап, «Вашингтон бұл істі тергеуде Қаирға қолдау танытады» деді.

Александрия басшысы Адел Лабиб «бұл шабуылға «Әл-Қаиданың» қатысы бар дейді.
XS
SM
MD
LG