Accessibility links

Ресей мұнайы Қытайға жаңа құбырмен жетіп жатыр


Ресей Қытайға жаңа құбыр арқылы мұнай жеткізуге кірісті. Ресейдің «Транснефть» компаниясы хабарлағандай, бірнеше баррель мұнай Шығыс Сібір-Тынық мұхиты құбыры арқылы тасымалдана бастады.

Екі ел арасындағы мұнай құбырының 2,700 шақырымдайы салынып біткен болатын. Енді 2013 жылы бұл құбыр құрылысы толығымен аяқталып, 4 мың шақырымға жеткенде әлемдегі ең ұзын мұнай құбыры болмақ.

Осыған дейін Ресей Қытайға мұнайды тек теміржол арқылы жеткізіп келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG