Accessibility links

Өлім жазасына кесілген ирандық әйел "менің ісіме араласпаңдар" деді


Иранда еріне опасыздық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілген Аштиани журналистер алдына шығып сөйлегенінде "менің ісімді көптеген адам өз мүддесіне пайдаланып жатыр" дегенді айтты.

Иранның Тебриз қаласында баспасөз мәслихатын өткізген Мохаммади Аштиани "менің ісіме араласпаңдар, неге мені масқаралап жатырсыңдар" деді.

43 жастағы Аштианиді таспен атып өлтіру керек деген үкім Батыс елдерінің наразылығын тудырған.

Осының алдында Аштианидің баласы Саджад Ғадерзаде анасын өлім жазасына кеспеуді сұраған. Қазан айында анасының ісіне қатысты германиялық екі журналиске сұқбат бергені үшін қамалған Саджад Ғадерзаде 40 мың доллар кепіл ақшамен босатылған.
XS
SM
MD
LG