Accessibility links

Пәкістандағы зымыран шабуылынан кемінде 15 адам мерт болды


Хабарларға қарағанда, Пәкістанның солтүстік-батысында сенбі күні болған АҚШ-тың зымыран соққысынан кемінде 15 адам қаза тапты.

Пәкістанның барлау қызметі алыстан басқарылатын ұшақ зымырандары Солтүстік Вазиристандағы тайпалы аймақты нысанаға алды деді. Жұма күні АҚШ-тың әуе соққысынан бес кісі қаза болған.

2010 жылы Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан аймағында осындай жүзден аса шабуыл болды. Бұл аймақ "Талибан" мен "әл-Қаида" жауынгерлерінің мекені деп айтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG