Accessibility links

Ресейде ұшақ апатынан 3 адам қаза тапты


Ресейдің солтүстігінде сенбі күні болған ұшақ апаты кемінде 3 адамның өмірін қиып, 30-дай жанды жарақаттады.

Сібірдегі Сургут әуежайынан Мәскеуге ұшпақ болған "Ту-154" жолаушылар ұшағы жарылғанда, оның ішінде 130 адам болған.

Ресейдің көлік министрі Игорь Левитин "біз бұл жарылысқа не себеп болғанын анықтап жатырмыз" деді.

Ұшақ жарылысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, апатқа не себеп болды деген мәселені тергеуде барлық жайттар (оның ішінде террорлық әрекет болуы мүмкін деген күдік те) назарда болады.
XS
SM
MD
LG