Accessibility links

Мысыр христиандары шабуыл болған шіркеулеріне оралды


Бүгін Мысырдың копт христиандары 21 адамның өмірін қиған террорлық шабуыл болған Александриядағы шіркеулеріне қайта оралды. Ондаған христиан ғибадатшылары жексенбі күнгі мінәжет шарасына қатысты.

Рим папасы ХVI Бенедикт сенбі күні христиандарға қарсы шіркеуде болған шабуылды айыптады:

«Дәл қазіргі қауіпті жағдайларда, әсіресе христиандар тап болып отырған бүгінгі шеттетушілік пен теңсіздік, діни төзімсіздіктер тұсында мен дін өкілдеріне қайғырмаңыздар, рухтарыңыз жасымасын демекпін» деді Бенедикт.

Мысыр президенті Хосни Мүбарак та теледидар арқылы жасаған жолдауында «террористер елді тұрақсыздандыра алмайды немесе елді христиандар мен мұсылмандарға бөле алмайды» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама бұл шабуылдарды «жабайы әрі пасықтық әрекет» деп атап, Вашингтон бұл істі тергеуде Қаирға қолдау танытады деді.

Александрия басшысы Адел Лабиб әл-Қаиданы бұл шабуылдарға қатысы бар деп айыптаған. Мысыр халқының 10 пайызы - копт христиандары.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG