Accessibility links

Оңтүстік Корея жетекшісі солтүстікпен ашық диалогқа дайын екенін айтты


Оңтүстік Корея жетекшісі Ли Мен Бак Солтүстік Кореямен келіссөздерге әлі де есік ашық деді. Бірақ теледидар арқылы айтқан жолдауында президент Ли егер Пхеньян тарапынан қандайда бір әскери әрекет болса, оған қарсы мықты жауап болады деп ескертті.

Оңтүстік Корея жетекшісі сондай-ақ Солтүстіктің диалогқа қаншалықты мән беріп отырғанына қатысты Сеул оған экономикалық көмек көрсетпек болды деді.

Корей түбегіндегі екі елдің арасындағы қарым-қатынас қараша айында Солтүстік Корея Оңтүстік аралына оқ атып, 4 адамның өмірін қиған жанжалдан кейін ушығып кеткен.

АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қатысты саясаты үшін жауапты өкілі Стефен Босуортс осы аптада Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония елдеріне іс-сапармен барып, Солтүстік Корея бойынша келіссөздер өткізбекші.
XS
SM
MD
LG