Accessibility links

Ирақта бүлікшілер шабуылынан қауіпсіздік жасағының 4 сарбазы қаза тапты


Бағдадта жексенбі күні Ирақ қауіпсіздік күштерінің төрт сарбазы және тағы бір қала инженері бүлікшілер шабуылынан қаза тапты.

Оларды қарулы адамдар атып кеткен. Қауіпсіздік күштерін нысанаға алған оқиғалар бір сағаттың ішінде болған. Шабуылдарға жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.

Ирақ үкіметінің Ассошейтед пресс агенттігіне берген мәліметтерінде, желтоқсан айындағы шабуылдардан 151 адам қаза тапты делінген. Бұл өткен жылдағы адам шығыны ең көп ай болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG