Accessibility links

Африкалық делегация Кот-д’Ивуардағы дағдарысты реттеуге барды


Бүгін Батыс Африка елдерінің жетекшілері қараша айындағы президент сайлауынан бері саяси дағдарысқа тап болған Кот-д’Ивуарға барды. Олар осы елдегі дағдарысты реттеуге тағы бір мәрте күш салып көрмек.

Бенин, Сьерра-Леоне және Кабо-Верде елдерінің президенттері мен Кения премьер-министрі Кот-д’Ивуардың қазіргі президенті Лорен Гбабгоны үгіттеп, билікті қарсыласына - сайлауда жеңіске жеткен Алласан Уаттараға беруге көндірмекші.

Батыс Африканың Экономикалық қауымдастығына мүше 15 ел өткен аптада егер Гбабго орнынан кетпесе, оған қарсы әскери күш қолданылуы мүмкін екенін ескерткен.
XS
SM
MD
LG