Accessibility links

Иран Германияға ескерту жасады


Иран сыртқы істер министрлігі қамаудағы екі неміс журналисін азат етуге бағытталған науқанның теріс салдары болуы мүмкін деп ескертті. Министрлік баспасөз хатшысы Рамин Мехманпарасттың айтуынша, Германия бұл мәселені саясиландырмауы тиіс.

Зинақорлық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілген Сакинех Мохаммади Аштианидің ұлынан сұхбат алмақшы болған екі неміс журналисі осыдан үш ай бұрын тұтқындалған болатын. Иранның мәліметінше, олар елге туристік визамен келген, журналистік әрекеттермен айналысуға аккредитация алмаған.

Германиядағы танымал тұлғалар (бизнесмендер, министрлер және спорт жұлдыздары) жексенбі күні Иранды неміс журналистерін азат етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG